ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 82ө-ж/қ өкімімен Фушанло Рустам Юнусович Жамбыл облысы  Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  болып тағайындалды.

Фушанло Рустам Юнусович, 1986 жылы 29 тамызда  Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылында дүниеге келген.

Ұлты -дүнген. Білімі – жоғары.

2008 жылы Қырғызстан Республикасының Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетін  «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2013 жылы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде күтім жөніндегі маман болып бастаған.

2016-2021 жылдары Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман, бас маман, бас маман-заңгер, ауылдық округ әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.