Тамаш Яккель, Халықаралық кинология федерациясының президенті:
– Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Қазақ топырағына алғаш рет табаным тиіп отыр. Мен үшін Президент мырзамен кездесу – зор мәртебе. Емен-жарқын әрі достық рәуіште әңгімелестік. Мен Мемлекет басшысына FCI мүшесі саналатын кинологиялық клубты қолдау қаншалықты маңызды екенін айттым. Өйткені біздің федерация франшиза жүйесі ретінде жұмыс істейді. Яғни, біз берген кез келген құжат немесе иттің шығу тегі туралы анықтама әлемнің бес құрлығындағы 100 елде мойындалады. Біз қазақ тазысы туралы пікір алмастық. Екі жыл бұрын FCI осы ит тұқымын таныған еді. Былтыр Хельсинкиде өткен дүниежүзілік көрмеде төреші болдым, сонда қазақы тазы тұқымын «World winner» (Әлем чемпионы) атағына лайық деп таптым. Қазақстан кинологтар одағы жасаған ауқымды жұмысты ескерсек, өз шешімімнің дұрыс екеніне күмәнім жоқ.