Таразда қоқыс тастаған тұрғынға айыппұл салынды
Тараз қаласында қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын бұзған тұрғын жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, белгіленбеген орынға қоқыс тастаған тұрғынға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.
Қала тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Қоғамдық орындарға, көшелер мен аулаларға қоқыс тастау қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, санитарлық жағдайдың нашарлауына себеп болады.
Осыған байланысты қала тұрғындарын тазалық талаптарын сақтауға, қоқысты арнайы контейнерлерге тастауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырамыз.
Таза қала – ортақ жауапкершілік!
#ТазаҚазақстан
#TazaQazaqstan
#Жамбылоблысы
#Жамбылскаяобласть