Таразда «ЗЕРБҰЛАҚ» демалыс кешені ашылды

0

Астана күні мерекесіне орай Тараз қаласында халықаралық деңгейдегі туризмді дамыту аясында Зербұлақ көлінде еліміздегі ірі мәдени-сауықтыру отбасылық демалыс аймақтарының бірі пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов кешен директоры Айбек Оршубековпен бірге ауқымды нысанның лентасын қиып, аралап көрді.

Ауқымды жоба өңірдегі туризмді дамыту бағдарламасы шеңберінде қолға алынған.

Құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын кешен жалпы 1,9 гектар аумақты алып жатыр. Сыйымдылығы 2000 адамға шақталған.

Мұнда аттракциондардың 14 түрі және толқын тербелісі бар бассейннің генерациялау жүйесін («Polin», Түркия), аттракциондарындағы су айналымы жүйесі жабдықтарының 6 түрін («Gemas», Түркия), сондай-ақ сырғанауға арналған толқын тербелісі бар бассейндерді, балаларға арналған және де дренажды бассейндердің жұмысын қамтамасыз етуге арналған («Gemas», Түркия) жабдықтар орнатылған. Сатып алынған аттракциондар халықаралық стандарттарға ие және қажетті талаптарға сәйкес келеді.Сонымен қатар, суды тазарту жүйесіне ерекше назар аударылған.

«South Holiday» ЖШС-нің басшысы Айбек Оршубековтың айтуынша, Орталық Азиядағы ірі аквапарктердің бірі саналатын бұл кешенде алдағы уақытта бес жұлдызды қонақ үй, ойын-сауық және өзге де сервистік орталықтар іске қосылмақ.

Салтанатты түрде пайдалануға берген демалыс аймағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналары сөзсіз.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.