«ТАТУЛЫҚ – ДОСТЫҚ КЕПІЛІ»

0

1 наурыз — Алғыс айту күніне орай колхоз аумағындағы Қаракемер, Масанчи, Қарасу ауылдық округтерінде этносаралық келісімді нығайтуға арналған  «Этносаралық келісім — ел тұрақтылығының кепілі» атты онкүндік жоспарына сәйкес 20 ақпан күні Қаракемер ауылының №14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектебінде «Татулық – достық кепілі» атты аудандық музейдің көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ауыл тұрғындары мен қонақтарының назарына уақыт өткен сайын жарқырай түсетін, сан ғасырлар өтсе де өзінің мәні мен мағынасын ешқашан жоғалтпайтын, ұлттық құндылығымызды паш ететін аудандық музей мен Отар және Масанчи ауылдық тарихи-өлкетану үйірмелерінің жәдігерлері ұсынылды. Атап айтқанда, аудандық музейден қазақтың ұлттық киімдері, бесік, домбыра, қоржын, күбі, келі-келсап, торсық, самаурын, мойынағаш, майшамдар, көптеген ыдыс-аяқ түрлері, Отар ауылдық тарихи-өлкетану үйірмесінен ат әбзелдері, Масанчи ауылдық тарихи-өлкетану үйірмесінен дүнген халқының ұлттық жәдігерлері. Көрмені мектеп ұстаздары мен оқушылары тамашалады. Көрме барысында оларға әр жәдігер туралы түсінік бере отырып, олардың шығу, жасалу, қолданылу тарихы мен маңызы туралы мәліметтер берілді. Олар аса құнды жәдігерлерді өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, қызығушылық танытты. Бұдан кейін аталмыш көрме Масанчи және Қарасу ауылдық округтерінің Мәдениет үйлерінде жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.