БІР ЖОЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТУРАЛЫ

0

Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы №10-3 «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес:

Газдандыруға жататын жергілікті және тұрғын үйде тұратын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жекеменшік иесі немесе жекеменшік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, көпбалалы аналарға және көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығысыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына 3 (үш) ең төменгі күнкөріс денгейінен (2024 жылдың 1 тоқсанына кедейшілік деңгейі 47111 теңге) аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, әлеуметтік көмектің көлемі 100 (жүз отыз) айлық есептік  көрсеткіш (369 200 теңге) газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы)  туралы анықтамасы  негізінде жүргізіледі.

Аталған әлеуметтік көмекті алу үшін отбасының есепке алынатын табыстары: еңбекақы, бір жасқа дейінгі жәрдемақы, жасына байланысты әлеуметтік жәрдемақы (зейнетақы), асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы қарап отырған бойынша жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (көп балалы ана), алимент және жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысы.

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік көмекті Қордай ауданы аумағында тұрақты тіркеуде тұрған азаматтарға көрсетіледі.

Барлық сұрақтар бойынша Қордай ауылы, Төле би көшесі, 49 үй (байланыс тел: 2-10-03) мекенжайы бойынша орналасқан Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты мекенжай бойынша жергілікті әкімдікке жүгінуге болады.

А.ЕЛЕУСІЗОВА, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы                                                      

Leave A Reply

Your email address will not be published.