«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

0

«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, «Жасыл ел» еңбек жасағы жастарының қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлық сезімді арттыру. Тазалық жұмыстары барысында қатысушылар белгіленген аумақтарды күл-қоқыстан тазартып, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.
Акцияға қатысқан жастар қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, табиғатты аялауға және тазалықты сақтауға шақырды. Осындай игі бастамалар жастардың белсенділігін арттырып, қоғамда экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға оң әсерін тигізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.