Тең мүмкіндік – әділ қоғамның негізі

0

Елімізде өткен республикалық референдум барысында қоғамның барлық мүшесіне тең мүмкіндік жасалып, әр азаматтың өз таңдауын жасауына жағдай қарастырылды. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне ерекше көңіл бөлініп, олардың сайлау құқығын толық жүзеге асыруына барлық қажетті жағдайлар жасалды.
Солардың қатарында Жамбыл ауылының тұрғыны Ерхат Тәжібаев та бар. Қос жанары көрмесе де, өмірге деген құлшынысы мен қайсарлығы ерекше жан референдум күні сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Бұл – елімізде әрбір азаматтың құқығы тең қорғалатынының айқын дәлелі.
Көру мүмкіндігі болмаса да, көңілі кең, жүрегі мейірімге толы, өнерге жақын, ерекше болмыс иесі Ерхат Тәжібаев азаматтық позициясын нақты айқындаған жандардың бірі.
Ол қоғам өміріне белсене араласып, өз үлгісімен өзгелерге жігер береді. Референдум күні де ол белсенділік танытып, азаматтық борышын орындады.
Мұндай мысалдар елімізде әрбір азаматтың пікірі маңызды екенін, қоғамда тең құқық пен өзара құрметтің орны ерекше екенін көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.