Темір жол саласының ұжымы еліміздің жарқын болашағына үлес қосты

0

Отар стансасы қызметкерлері осы күні өз таңдауларын жасады. Станса басшысы Азат Есентай бастаған ұжым ауылдық мәдениет үйіндегі №516 референдум учаскесіне барып, бірге дауыс берді.
Темір жол саласы – еліміздегі ең ірі күре жолдардың бірі әрі экономиканы алға сүйрететін маңызды секторлардың бірі. Сол ірі саланың қызметкерлері бүгінгі таңдауларын жасау арқылы ел ертеңінің жарқын боларына сенімдерін көрсетті.
Бұл – әрбір азаматтың жауапкершілігі мен ел болашағына деген қамқорлығының айқын көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.