7 сәуірде аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысын Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді.
Мәслихат депутаттарынан бөлек отырысқа аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық Қоғамды кеңестің төрағасы қатысты. Депутаттар «Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №56-2 «Қордай ауданы ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені қарады. Бұл жайында аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева толық баяндама жасады. Мәселені жан-жақты қарастырған депутаттар тиісті шешім қабылдады.