ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

0

Туберкулез  – ауа-тамшыларымен таралатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын қауіпті ауру. Ең алдымен өкпе, кейде басқа ағзаларды да зақымдайды. Аурудың негізгі жұқтырушы көзі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайтын ауру. Ем қабылдамаған әpбip науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін туберкулез ауруын жұқтыруы мүмкін. Туберкулезге шалдыққандар санының жартысын 18-44 жас аралығындағы, жұмыс істеуге қабілетті адамдар кұрайды.

Туберкулез қоздырғыштары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде бактериялар ауаға (ауа тамшылары арқылы) тарайды. Адамдар қоздырғышы бар ауаны жұтқан кезде бактерия жоғарғы тыныс алу жолдарына, өкпелеріне түседі. Туберкулез бактериялары кез келген ағзада дами алады, бірақ көп жағдайда өкпеде дамиды.

АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР:

иммунитеттің әлсіреуі. Толыққанды, үйлесімді тамақтанбау;

ауыр аурулардың қатар жүруі (ВИЧ/СПИД, қант диабеті, ойық жара аурулары және басқалары);

суық тигізу;

кез келген зиянды әдеттер – темекі шегу, ішімдік iшy, есірткі пайдалану;

созылмалы күйзелісті жағдайлар;

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ:

жөтелдің екі аптадан астам уақытқа созылуы;

дене қызуының көтерілуі;

кеуде қуысының ауыруы және шаншуы;

дене салмағының түсуі;

түнгі уақытта терлеу;

тәбеттің төмендеуі;

қатты шаршау және әлсіздік;

Осындай белгілер білінсе міндетті түрде дәрігерге көрініп тексерілуі керек, тексерілу үшін тұрғылықты  орныңыз бойынша медициналық мекемеге жүгініңіз;

Ауру уақытында анықталса, айығып кету әбден мүмкін!

ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ ЖӘНЕ  ТЕГІН ЕМДЕЛЕДІ! ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ СПЕЦИФИКАЛЫҚ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ:

жаңа туған нәрестелер перзентханада туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасымен егіледі, егер нәрестеде медициналық қарсы көрсеткіштері бар болса, екі айға толғанға дейін вакцинацияны емдеу мекемелерінде алады. Ал, екі айдың ішінде вакцинацияны алмаған жағдайда, балаға Манту сынамасы жүргізіледі, Манту сынамасы қойылып, нәтижесі теріс болған жағдайда, БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі;

14 жасқа дейінгі «Қауіп тобындағы» (әлеуметтік жағдайы қолайсыз отбасынан шыққан балалар, екі аптадан астам ұзақ жөтелу белгілері бар балалар, әртүрлі аурулардың себебі бойынша педиатрда ДЕ-те тұрған балалар, жабық оқу орындарының балалары, вакцинацияланбаған және вакцинациядан кейінгі тыртықтары өнбеген балалар, гормондық терапияны қабылдайтын балалар, иммундық супрессивті терапияны алатын балалар) және туберкулез ошақтарындағы балалардың арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында Манту сынамасымен жылына 1 рет қамту;

міндетті түрде кем дегенде жылына 1 рет профилактикалық флюорографиялық тексерілуден өту;

Есіңізде болсын, туберкулез емделетін ауру. Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда!

Ш.Кыдыкеева, Қордай аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.