Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік «зәкірлік» іс-шаралар күнтізбесі аясында Жамбыл облысында өңірдің мәдени және табиғи туризмін дамытуға бағытталған екі ірі халықаралық іс-шараны ұйымдастырады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
«Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестивалі 2026 жылғы 23 сәуірде «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтеді.
Фестивальдің ашылуы сағат 10:00-де Dombyra Party бағдарламасымен басталады. Күн бойы қонақтарға киіз үйлер қалашығында концерттік бағдарламалар, Алматы, Түркістан және шетелден келген шеберлердің көрмелері мен шеберлік сабақтары ұсынылады. Көрмелер «Көркемсурет» галереясында, «Қолөнершілер үйінде», сондай-ақ кешеннің ашық алаңдарында ұйымдастырылады.