ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН АҚЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРҒА АЛҒЫС

0

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қордай ауылдық округінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай тағылымы мол, маңызы зор шара ұйымдастырылды. Мерекелік күн қарсаңында округ әкімі Әділет Қаспақбаев пен округ әкімдігі аппаратының қызметкерлері ауылдағы тыл ардагерлері мен ардақты аналар, ақ жаулықты әжелердің шаңырақтарына арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.

Ізгі ниетпен ұйымдастырылған бұл шара барысында ауылдық округ әкімі аналарға жылы лебізін білдіріп, олардың ел үшін атқарған еңбектерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, аналарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен береке-бірлік тілеп, олардың өмірлік тәжірибесі мен тағылымды тәрбиесі кейінгі ұрпақ үшін әрдайым үлгі-өнеге екенін жеткізді.

Кездесу барысында аналар мен әжелер көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты аналардың ақ тілегі мен батасы – ел бірлігі мен ынтымағының берік негізі екені белгілі.

Мерекелік күні тыл ардагерлері мен аналарға арнайы сый-сияпаттар табысталды. Бұл игі бастама – аналарға деген шынайы құрмет пен алғыстың көрінісі.

Көктемнің шуақты мерекесінде көрсетілген мұндай құрмет – аналардың қоғамдағы орнының ерекше екенін тағы бір мәрте айқындай түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.