«ВАКЦИНАЛАР — ӘРБІР ҰРПАҚҚА ПАЙДАЛЫ»

0

Мамандар вакцинацияның тек медициналық шара ғана емес, қоғамдық денсаулықты нығайтудың маңызды құралы екенін атап өтуде.

Вакцинация балалардың дені сау болып өсуіне, ересектердің белсенді өмір сүруіне және егде жастағы адамдардың қауіпсіз әрі ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік береді. Бұл шара қоғамның денсаулығын қорғаудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.

Апталық аясында медициналық ұйымдар мен қоғамдық орындарда тұрғындарға вакцинацияның маңызын түсіндіретін кездесулер ұйымдастырылуда.

Іс-шараларға Еуропа одағы елдерінің елшілері қатысып, бастаманың халықаралық деңгейдегі маңыздылығын көрсетуде. Еуропалық иммундау апталығы халықтың вакцинацияға деген сенімін арттырып, алдын алу шараларының тиімділігін түсіндіріп, қоғамдық денсаулықты қорғауда маңызды қадам болып табылады.

Иммундау апталығы (Дүниежүзілік немесе Еуропалық иммундау апталығы) — жыл сайын сәуір айының соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен өткізілетін ауқымды науқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.