ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ АНЫҚТАМА БЕРУ ТӘРТІБІ

0

Аудандағы эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында ветеринариялық анықтама құжаты беріледі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығының 4-тарауына сәйкес, ветеринариялық анықтаманы жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардары береді.
Ветеринариялық анықтаманы алу үшін алушы мемлекеттік ветеринариялық ұйымға нысан бойынша өтініш және жеке басын куәландыратын куәлік, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты көрсетілген құжаттарды ұсыну керек.
Ветеринариялық дәрігер жануарды, жануардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексергеннен кейін, ветеринариялық дәрігер қол қойылған және мөрмен куәландырылған ветеринариялық анықтаманы береді.
Ветеринариялық анықтама жануарға, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа беріледі және көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні ресімделеді.
Ветеринариялық анықтама межелі пунктке дейін, ал жануардан алынған сүтке берілген ветеринариялық анықтама берілген сәтінен бастап бір ай ішінде жарамды.
Ветеринариялық дәрігер ветеринариялық анықтаманы төмендегі негіздерге байланысты беруден бас тартады:
— жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы аурулары бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің шығу, жүру бағыты немесе келу, межелі пункт орнының эпизоотиялық ахуалының нашарлауы, жануардың жеке нөмірінің болмауы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасмалдайтын көлік құралының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, ветеринариялық алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, ветеринариялық анықтаманы алумен байланысты құқығынан айырылуы бойынша ветеринариялық анықтаманы беруден бас тартады.
Ветеринариялық анықтама алу кезінде ветеринариялық анықтама алушыдан алынатын төлем мөлшері жоқ, тегін беріледі.
Жануарларға және жануарлардан алынатын өнімнің және шикізатарды тасымалдауға ветеринариялық анықтама алу үшін, кестеде көрсетілген ветеринариялық дәрігерлерге хабарласуды сұраймыз:

№ п/п Ауылдық округі Аты — жөні телефон номері
1 Аухатты Боце Мухаммед Исхарович 87786061993
2 Алға Сатыбалды Дәмір Қайратұлы 87759975374
3 Бетқайнар Керімбай Бақтияр Сарсебайұлы 87781179685
4 Жамбыл Безилов Мадияр Ерболович 87785834567
5 Қаракемер Хамит Сержан Бекенұлы 87029565619
6 Қарасай Дауренбаев Бекежан Бардауович 87479604365
7 Қарасу Анаркулов Кайрат Хамзанович 87023431277
8 Қасық Сайлаубай Әсет Қайратұлы 87755240399
9 Қақпатас Бекназаров Акылбек 87711586380
10 Кенен Корабаев Рысбай Болемисович 87024454534
11 Қордай Пушкарев Иван Сергеевич 87785160046
12 Масаншы Джумаев Харки Бакирович 87758755422
13 Ноғайбай Байжігіт Дидар Жандосұлы 87755351780
14 Отар Қуандық Жалғас Қанатұлы 87025949000
15 Степное Теньсебаев Даулет Койшибаевич 87778099990
16 Сарыбұлақ Есенбаев Рымгали Полатулы 87474020134
17 Сортөбе Лиров Исхар Суфурович 87766226805
18 Сұлутөр Кокимбеков Данияр Дойшыевич 87782503662
19 Үлкен Сұлутөр Бердиев Ерлан Хамзаевич 87013099459

А. Мәрсінбай, Қордай ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК
ветеринариялық дәрігері

Leave A Reply

Your email address will not be published.