XLII КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

0

30 қаңтар күні аудандық Мәдениет үйінде «Amanat» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XLII конференциясы өтіп, оған облыстық Саяси кеңес мүшесі Л.Буларов, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының және Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, партия ардагерлері мен белсенділері, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференция жұмысын «Amanat» партиясы Қордай аудандық филиалының төрайымы Қарлығаш Қыпшақбаева ашып жүргізді.
Күн тәртібі бойынша конференцияда 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда,
«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну туралы, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына делегаттар сайлау, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясының Қордай аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі Т.Қыдырбек ұсыныс енгізді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша делегат М.Қарабаев делегаттардың тізімімен таныстырды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша партия аудандық филиалының төрайымы Қ.Қыпшақбаева аудандық филиалдың Саяси кеңесінің құрамына енгізілген өзгерістерді атап өтті.
Осылайша конференцияның күн тәртібіндегі барлық сұрақтар толық қаралып, олар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.