«Зұлмат жылдар қасіреті»

0

31 мамыр күні аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында «Зұлмат жылдар қасіреті» атты Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шара өтті.

Ондағы мақсат  ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы ақпараттандыру, ұлт зиялыларын еске түсіру болды. Жиында кітапхана қызметкерлері өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихындағы оқиғалар туралы айтып өтіп,  өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл азаматтарымызды еске алу,  ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы екенін айтты. 

Әлихан Бөкейхан, Халел Досмұхаметұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатовтардың өмір жолы мен еңбегі турасында көп мәліметтер келтіріліп, арнайы дайындалған бейнеролик көрермен назарына ұсынылды. 

Жиынға қатысқан Қордай ауданының Құрметті азаматтары Сейілханов Әбдібек,  Сүгірбаев Төле ақсақалдар сөз сөйлеп, тақырыпқа сай арнайы ұйымдастырылған кітап көрмемен аудандық орталық кітапхана кітапханашысы Абдибаева Бахытгүл таныстырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.