29-30 мамыр күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Жамбыл облысының 85 жылдығына орай ардагерлер арасында облыстық спартакиада өткізілді.
Спартакиадаға өңірдің түкпір-түкпірінен келген 300-ге жуық ардагер қатысты. Олар спорттың сегіз түрі бойынша, атап айтқанда волейбол, үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд және дартс сынды ойын түрлерінен сынға түсті.
Жыл сайын өткізу дәстүрге айналған спорт додасына қордайлық ардагерлер де белсене қатысты. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Қордай ауданы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бильярдтан Атшабаров Майлыбек– 1 орынды, дойбыдан Жәнібек Ермекбайұлы – 2 орын, шахматтан Сатова Роза – 2 орынды, үстел теннисінен ерлер арасында Бейшанло Эрсмане – 2 орынды, әйелдер арасында Джолдыбаева Раушан – 2 орынды иеленді. Ал асық атудан Сайбиров Қайрат– 3 орынға, дартстан Құрманов Әскербек – 3 орынға жайғасты.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежелі кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, І, ІІ, ІІІ, ІV, V және VІ орын иеленген командалар ақшалай сыйлықтармен және «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы аясында ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.