«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Мойынқұм ауданы прокуратурасының үйлестіруімен пробация қызметінің есебінде тұрған азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

0

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Мойынқұм ауданы прокуратурасының үйлестіруімен пробация қызметінің есебінде тұрған азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Аталған шара сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, олардың құқыққа сай мінез-құлқын қалыптастыру, әлеуметтік мәселелерін шешу және қоғамға толыққанды бейімдеу бағытында жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
Жаңа баспана кілтін табыстау рәсіміне аудан прокуроры, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Жастар ресурстық орталығының және аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысып, қоныс иесіне ізгі тілектерін жеткізді.
Мойынқұм ауданы прокуратурасының үйлестіруімен жүзеге асқан бұл бастама азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, олардың қоғамға бейімделуіне және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Аудан прокуратурасы алдағы уақытта да мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстарды жалғастыратын болады.

#Заңментәртіп
#Законипорядок
#Жамбылоблысы
#Жамбылскаяобласть

Leave A Reply

Your email address will not be published.