ЗЕЙНЕТАЛДЫ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРҒА ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР НАЗАРЫНА

0

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына сәйкес, зейнеталды жастағы адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындары «Күміс жас» жобасы аясында ұйымдастырылады.
Жобаға қатысу мерзімі:
— 12 айдан аспайды;
Жобаға қатысушылар:
— зейнеталды жастағы (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) адамдар;
Жұмыс берушілер назарына:
«Күміс жас» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақы мөлшерінің 50 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.
Мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін құрылатын жұмыс орындарын қоспағанда, кезекті қаржы жылына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны жұмыскерлердің тізімдік санының 20% -ынан аспайды.
«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

«ЎРПАЌТАР КЕЛІСІМШАРТЫ»
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына (екі) жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған білім беру ұйымдары түлектері қатыса алады.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидияның (жалақының) бір айдағы кемінде 30 (отыз) АЕК- құрайды.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамға «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуге кемінде 6 (алты) ай қалған тәлімгер тағайындалады.

Жобаларға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер мен жұмыссыздарға Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына қайырылуға болады.
Тел.: 872636-4-86-02, 8775 875 55 56.

Leave A Reply

Your email address will not be published.