ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

0

Қоғам өмірімен біте қайнасқан Қоғамдық кеңестің жұмысын жетілдіру маңызды. Ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға өз бағасын бере отырып, кеңес мүшелері айтулы шаралардың басы-қасынан табылады. Қай кезде де кеңесте қаралған мәселелер, сан түрлі қиындықтар Қоғамдық кеңес мүшелерінің талқылауынан өтіп, барлық жағдайға байланыс орайластырылады.

Өткен жұма күні Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде екінші жартыжылдықтың жоспарына сәйкес бірнеше сұрақ қаралды. Кеңес төрайымы Баян Қарамолдаеваның төрағалығымен өткен жиын барысында аудан бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын зерделеу қорытындысы және Үлкен Сұлутөр, Қаракемер ауылдық округтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді зерделеу қорытындысы туралы анықтамалары назарға ұсынылды.
Жиынға аталмыш бөлім басшысы мен ауылдық округ әкімдері де шақыртылып, кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар берілді. Кеңес соңында шешім жобалары қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.