ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛҒАН ЖАМБЫЛДЫҚТАР

0

Облыс бойынша пилоттық жобаға еніп, кәсіпкерлікті дамытқан Жамбыл ауылында ауызбіршілік пен ынтымақ жарасым тапқан. Бүгінде ел болып ерікті түрде қайырымды істерге белсене араласып жүрген жамбылдықтардың жақсы істері турасында аз-кем сөз етсек.

Алдымен Алла үйінен бастасақ. Ауылда  шағын ғана «Әл-хафиз» мешіті бар. Көптен бері тұрғындардың ауызбіршілігінің арқасында мешітке көңіл бөлінуде. Әуелі мұнда тек мешіт ғана болатын. Жанашыр жамағаттың арқасында мешіт аумағы көркейіп, гүлдене түсті. Одан кейін, маңынан асхана салынуы қарастырылып, демеушілердің жәрдемімен бұл іс жүзеге асып, бүгінде асхана жұмыс істеуде. Онда ауыл тұрғындары тегін түрде ас өткізіп, құран оқытып, еш қиындықсыз дастархан жаяды. Сондай-ақ, мұнда күрделі жөндеу жүрмегелі көп уақыт болған. Қазіргі әлемдік пандемияға байланысты мешітте жамағат болып намаз оқуға тиым салынған болатын. Осы тұсты пайдаланған жамбылдық жамағат Алла үйіне жөндеу жұмыстарын ұйымдастырыпты. Қаржы мәселесі жамағаттың көмегімен жиналған. Құрылыс жұмыстарынан хабары бар тұрғындар уақыттарын бөліп, еш ақысыз жұмыс жасауда. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталуға шақ. Сонымен қатар, тұрғындардың ынтымағының арқасында тағы бір игі іс жасалынуда. Мешіт маңынан имамға асарлатып үй салынуда. Бүгінде қабырғасы қаланып, шатыры жабылып тұр. Тек енді ішкі жұмыстары қалған. Үш бөлмеден тұратын шағын үйге жағдайдың барлығын жасау жоспарлануда. Мұны да ауыл тұрғындары өздері жұмыла атқаруда.

-Ауыл тұрғындары әрдайым ауыз біршілікте. Бірі бастаған іске барлығы қолдау көрсетеді. Сол жамағаттардың арқасында міне мешітімізге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Алла үйінің ажары ашылып келеді. Тұрғындар бұданда бөлек қайырымды істер жасап жүр, — дейді ауыл тұрғыны Амангелді Нұрбердиев.

Бұдан басқада ауылда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Ауыл орталығында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналаған аллея салынуда. Бүгінде қоршау жұмыстары аяқталған аллеяның ішкі жұмыстары жүруде. Арнайы қырлы тастар төселіп, ардагерлер есімі жазылған тақтаның орны жасалуда. Сондай-ақ, келешекте айналасына шырша ағаштары егіліп, түрлі алуан гүлдер отырғызылатын болады. Бұл жұмыстарға ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған жандарда қол ұшын созуда. Жақын арада халық игіліне беріліп, салтанатты түрде ашылуы жоспарланыпты. Жұдрықтай жұмыла білетін жамбылдықтардың жағымды жаңалықтары мен игі істері арта берсін демекпіз.

М.Қарабаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.