Жұмыла көмек қолын созайық

0

Еліміздің бірқатар аймақтарындағы су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі ахуал баршамызға мәлім. Ел басына түскен жағдайға қатысты бүгін Мемлекет басшысы үндеу жариялады.
Президент өз сөзінде табиғи апаттан зардап шеккен бірде-бір азамат көмексіз қалмайтындығын, барлық ахуал тікелей бақылауында екенін жеткізді.
— Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда, — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев елді түрлі алып-қашпа ақпараттарға ермей, тек сенімді ақпарат көздеріне назар аудару қажеттігін ескертіп, барлығымыз біріге қиын сәттен шығуға атсалысуға шақырды.
Ардақты ағайын, Мемлекет басшысын қолдап, ел басына күн туған осы жағдайдан зардап шеккен отандастарымызға жұмыла көмек қолын созайық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.