«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

0

Аудан әкімдігінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және аудан бойынша 1 наурызда бастау алған абаттандыру мен тазалық екі айлығын өткізу жөнінде кеңес өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов төрағалық етті.

Бөлімдер мен мекеме басшылары бас қосқан жиын барысында республикалық акция аясындағы жұмыстарды күшейту, сондай-ақ абаттандыру екі айлығына серпін беру мақсатында қолға алынатын шаралар талқыланды.

Өз кезегінде Бақыт Оңланұлы алдағы сенбі күні жалпы сенбілік Қордай ауылынан Отар аймағына дейінгі жол бойында өтетінін айтты. Ал келесі сенбіліктерде ауданның «Колхоз» және «Совхоз» аймақтары толық қамтылатын болады.

Қураған ағаштарды кесу, қоқыс тазарту, шөп шабу сынды жұмыстарға басымдық беріледі. Ал коммуналдық шаруашылық, ДЭУ және ауылдық округтер қажетті арнайы техникамен қамтамасыз етеді.

Бақыт Сахатов баршаны Президент бастамасымен қолға алынған акцияға белсене қатысып, жоғары жауапкершілік танытуға шақырды. Сонымен қатар күнделікті абаттандыру жұмыстарына атсалысу – күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе екені атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.