ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

0

2021 жылға «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы аудан бойынша 6 жоба бекітіліп, іске асырылатын жобалар аясында 228  жаңа жұмыс орындарын (жұмыспен қамту орталығы арқылы 182 адам) құру жоспарланды.

Бүгінгі күнге 1 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері ұйымдастырылуда (Сарыбұлақ ауылындағы спорт кешені ғимаратының құрылысы), ал 5 жобаның құрылысы басталды, атап айтқанда:

— Отар ауылындағы 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы,

— Гвардейск қалашығында 60 пәтерлі №2 үйдің құрылысы,

— Гвардейск қалашығында 60 пәтерлі №3 үйдің құрылысы,

— Гвардейск қалашығында спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы

— Гвардейск қалашығында магистральдық газ құбырын салу және тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуге арналған блоктық-модульдік қазандықтың құрылысы.

Бүгінгі күнге халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 56 адам жұмысқа жолданды, қалған жұмысшыларды орналастыру бойынша жоба жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Жұмысқа орналасуға ниет білдіруші азаматтар жұмыспен қамту орталығына хабарласуын сұраймыз.

Байланыс телефоны: 8 (726 36) 4-86-02

 

С.Көпешов, Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.