ЖҰМЫС МЕРЗІМІНДЕ ӘРІ САПАЛЫ АЯҚТАЛУЫ КЕРЕК

0

Аудан әкімі Мәден Мұсаев Қордай ауылдық округі әкімі Бақыт Сахатовпен бірге Қордай ауылының орталық саябағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Қыркүйек айының соңына аяқталады деп күтіліп отырған саябақты ажарландыру мәселелері қарқын алғанымен, аудан басшысы бірқатар олқылықтарды ауыл әкімі мен мердігерлерге айтып, бірқатар ескертулер
жасады.
Еске сала кетсек, биыл аудан орталығындағы саябақты қайта жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Жоспарға сәйкес саябақтың келбетін өзгертіп, қордайлықтардың емін-еркін серуендеуіне, осында келіп демалуына барша жағдай жасау үшін қолға алынған бұл жұмыстар аудан басшысының жіті назарында тұр.
-Бұл саябақ аудан тұрғындарының сүйікті орны. Ал, сол орынды бұрынғыдан да жақсы ету үшін баршамыз күш салуымыз қажет. Осыны мердігер компания мен ауылдық әкімдік ескергені жөн. Дәл осы мақсаттар үшін орталық саябақтың келбетін түбегейлі тек жақсы жаққа өзгерту қажет. Ең бастысы жұмыстарды мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырамын, — деді аудан әкімі.
Қордай ауылының әкімі Б.Сахатовтың айтуынша, алдағы уақытта бұл аумақта мәдени шаралар өтетін орынға айналатын үлкен сахна орнатылады. Қазіргі таңда бүкіл саябақтың қоршауы жаңартылып, сынған бордюрлер, жарық бағаналары, жолдарға асфальт төселген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.