«ЖӘНІБЕКТІҢ ЖҰЛДЫЗДЫ ШАҒЫ»

0

Жақында Қайнар ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен атақты волейболшы, КСРО және Европа чемпионы, әйгілі «Буревестник» командасының капитаны, КСРО құрама командасының мүшесі Жәнібек Сауранбаевтың туғанына 85 жылдығына орай «Жәнібектің жұлдызды шағы» атты ауыл жастары арасында волейболдан жарыс өтті. Жамбыл облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық жарыстың мақсаты – жастарды спортқа баулу ғана емес, атақты спортшы Жәнібек Сауранбаевтың өмірбаяны мен жетістіктерімен таныстыру болды.

Жарысқа Қордай, Беткайнар, Қаракемер, Шу, Көкқайнар, Қайнар ауыл жастары, Қайнар шекара бөлімшесі және Қайнар ауылдық командасы қатысты. Ауыл тұрғындары жарысты тамашалауға көп жиналып, ауыл ақсақалы Магамед Фараджиев батасын беріп, командаларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ашылу салтанатында өнерпаздар ән айтып, би билеп керемет көңіл-күй сыйлады. Қонақтарға арнайы дастархан жайылып, жеңімпаздар марапатталып, ауыл халқы көңілді тарасты. Жарыс нәтижесінде бірінші орынды Шу, екінші орынды Бетқайнар және үшінші орынды Қордай командасы ұтып алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.