Жағдай жіті бақылауда

0

16 мамыр күні кешкі сағат 20:10-да Қордай ауданы аумағында нөсер жауын басталып, сағат 21:20-ға дейін жалғасты.

Толассыз жауған жауын-шашынның салдарынан Ноғайбай ауылдық округінде көлбеу ағын орын алды.

Аудан әкімі Бегзат Болатбеков оқиға орнына дереу жетіп, аудандық төтенше жағдай бөлімі қызметкерлерімен бірге Ноғайбай ауылдық округінің аумағын толықтай тексеріп шықты. Уақытылы ұйымдастырылған шаралардың нәтижесінде Қордай-Шарбақты тас жолы бағытындағы сол жақ жағалауында нөсер жауын салдарынан аққан сел тоқтатылды. Үйлердің ауласына су кірген жоқ.

Ноғайбай ауылдық округіне 1 жүк тиегіш, 2 экскаватор техникасы және 55 адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда арықтағы су деңгейі 10 см-ге төмендеді.

Аудан әкімдігінде кезекшілік ұйымдастырылған. Аудан бойынша жарық, газ, ауыз су штаттық негізде берілуде.

Бүгінгі таңда жағдай тұрақты, бұл мәселе аудан әкімінің тікелей бақылауына алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.