ЖАҢА ЕСІМДЕР – ЖАҢА БЕЛЕСТЕР

0

Жұма күні «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, оған Қордай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Рүстем Дәулет қатысып, күн тәртібіне түскен үш сұрақ талқыланды.

«Nur Otan» партиясынан Бетқайнар ауылдық округі әкімінің лауазымына кандидаттыққа үміткерлердің кандидатурасын қарау, «Nur Otan» партиясының партиялық тізіміне енгізілгендер қатарынан Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына мандат бөлу кезектілігін айқындау және «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық  мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісін ұсыну туралы «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Нұрдин Садықов хабарлама жасады.

 «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының ХХХІІ кезектен тыс конференциясында Бетқайнар ауылдық округінен үміткер, «Чайзат» шаруа қожалығы басшысының орынбасары  Бақытжан Құттықовты бекітуге ұсынамыз», — деді хабарламашы.

Сонымен қатар, Қордай аудандық мәслихатының «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған депутат Айдыр Чуваның депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына «Nur Otan» партиясының партиялық тізімінен Идрис Бицаровтың кандидатурасы, Қордай аудандық  мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі Дамира Сүгірбайдың басқа қызметке ауысуына байланысты депутаттық фракциясының жетекшілігіне Қордай аудандық мәслихаттың депутаты Қарлығаш Қыпшақбаеваның кандидатурасы ұсынылды.  Ұсыныс жан-жақты талқыланып, бюро мүшелерімен бірауыздан мақұлданып, қаулы қабылданды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.