Жаңа жыл қарсаңында мекемелер және кәсіпкерлермен сауда орталықтарын ынталандыру мақсатында байқау өтеді

0

Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты үздік жаңа жылдық безендіру байқауын жариялайды. Өз нысаныңызды безендіріп, маңдайшаларды жаңартып, түнгі жарықты қосып, жарық қондырғыларын орнатып, айналаны абаттандырып, мерекелік атмосфера жасауға шақырамыз.

Байқауға қатысуға барлық меншік нысанындағы ұйымдар: бизнес объектілері (СОО, дүкендер, қонақ үйлер, мейрамханалар, кафелер, автожанармай құю бекеттері, банктер, кәсіпорындар және өзге де объектілер) мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер қатыса алады. Байқау 25-30 желтоқсан аралығында жалғасып, арнайы құрылған комиссия мүшелері ең үздік жұмысты анықтайды. Сондай-ақ, қорытындысы 31 желтоқсан күні жарияланып, жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады. Айта кететін жайт, жұмыстарды бағалау барысында нысандарды сыртқы келбеті мен аумағын безендірудегі креативті, көркемдік ерекшелік және ұтымды композициялық шешім басты назарға алынады.

Назарларыңызға байқаудың ереже-шарттарын ұсынамыз. Ол үшін өзіңіз басқарып отырған мекемеңіздің, кәсіпорныңыздың қасбетін жаңа жылдық жарықшамдармен, баннерлермен және т.б. әрлендіру жасау қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.