ЖАҺАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАЙЫ

0

Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігінің бағалауынша, 2022 жылы жаһан экономикасының өсімі наурызда күтілген 3,5 пайыздан 2,9 пайызға дейін төмендейді. Бәріне кінәлі – инфляция.

Халықаралық агенттік, әсіресе Қытайдың ішкі жалпы өнімін (ІЖӨ) қайта қарап, 4,8-ден 3,7 пайызға төмен түсірген. Сонымен қатар АҚШ экономикасы 2,9 (бұрын 3,5 пайыз деп болжанған), ЕО экономикасы (бұрын 3 пайыз) 2,6 пайызға көтеріледі деп күтіледі. Сондай-ақ Fitch 2023 жылы әлемдік ІЖӨ үш ай бұрын болжанған 2,8 пайыздың орнына 2,7 пайызға жоғарылайтынын жеткізді.
«АҚШ экономикасының өсі¬мі қысқа мерзімді импульске байланып тұр. Жұмыс орындарының саны мен жалақы көлемінің өсуі тұтынушылық шығындарды арттырады. Бірақ ақша-несие саясатының агрессивті қатаң-дауына байланысты 2023 жылдың ортасына қарай өсім қарқыны біршама баяулайды. 2023 жылы АҚШ-тағы өсім 1,5 пайызға, 2024 жылы 1,3 пайызға дейін құлдырайды. Ақша-несие саясатының күрт қатаңдауынан кейін АҚШ-та айтарлықтай рецессия тәуекелі туындайтынын тарихи тәжірибенің өзі көрсетіп береді», делінеді агенттік болжамында.
Сарапшылардың болжауынша, Еуропалық орталық банк биыл мөлшерлемені 100 базалық тармаққа дейін, 2023 жылы 50 базалық тармаққа дейін жоғарылатуы мүмкін. Қазір ол нөлдік деңгейде тұр.
Жалпы, әлемде экономикалық ахуалдың күрделеніп жатқанын жекелеген бизнесмендердің жағдайынан да байқауға болатындай. Bloomberg таратқан ақпаратқа сүйенсек, осы жылы әлемнің 500 бай адамы жалпы жиынтығы 1,4 трлн доллар ақшасынан айырылған. Соның ішінде желге ұшқан 206 млрд доллар дүйсенбі күнгі қор нарығындағы пайыздық ставканың өсуіне және инфляцияға байланысты.
2021 жылы қайшылықты үрдістер көп жүріп жатыр. Мәселен, дамушы нарық елдерінде ауқатты азаматтар саны 8 пайызға артқан. Солтүстік Америкада бұл көрсеткіш 13 пайызды құрайды. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бай адамдар саны небәрі 4,2 пайызға көбейіпті. Байлар көп тұратын елдер – АҚШ, Жапония, Қытай және Германия. Әлем байларының 64 пайызы осы елдерде қоныстанған. Осы жылғы дағдарыс салдарынан көп қаржысынан айырылған байлардың ішінде халықаралық агенттік Чанпэн Чжао, Илон Маск, Джеф Безос, Марк Цукерберг және Бернар Арнолардың аты-жөнін атайды. Бұл бестіктің жоғалтқан қаржысы 345 млрд долларға бағаланады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.