ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

0

Құрметті жерлестер!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен Ұлыстың ұлы күні Наурызнама онкүндігі аясында аталып өтуде.

Мерекелік онкүндік татулық пен сыйластықты дәріптейтін Амалдан бастау алады. Наурыз мерекесі қарсаңында алыс-жақындағы ағайынның көрісуі бірегей дәстүр ретінде бүкіл елімізге тарады.

Бүгінде ата-бабаларымыздың ізгі жолы жалғасын тапты.

Наурыз – сан ғасырдан бері ұлтымыздың салт-дәстүрін дәріптейтін, береке мен ынтымақты нығайтатын айрықша мереке. Бабаларымыз Наурызды «Жыл басы» деп атап, бірлік пен татулықтың, жақсылық пен жасампаздықтың символына айналдырған.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен құрылған тұжырымдама аясында адамды ұлты мен нәсіліне, тілі мен діліне бөлмейтін, бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін Наурыз мерекесі елімізде 10 күн бойы тойланып келеді. Бұл онкүндіктің әр күні үлкен мән-мағынаға ие.

Айтулы күндер отбасының құндылығын, жаңарудың қадір-қасиетін, ұлттық спорттың маңыздылығын, этносаралық татулықтың ерекшелігін, ұмыт қалған салт-дәстүрдің көрінісін айқындайтын шаралармен толыққан.

Қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болған Ұлыс күнінде әрбір отбасыға бақыт пен береке тілеймін!

Нұрдин САДЫҚОВ, аудандық мәслихат төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.