«Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан» реформасы Қазақстанды түбегейлі өзгертеді

0

Биыл елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өз Жолдауында биыл кезектен тыс Президент сайлауы өтетіндігін мәлімдеген.

«Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан» құру жолында кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа сенім мандаты қажет болды.

Бұдан былай ҚР Президенті бір мерзімге ғана, 7 жылға сайланады. Сондықтан да осы жолғы Президенттік сайлауға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың кондидатурасы ұсынылды. Мемлекет басшысының айтуынша бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді. Сол арқылы ел экономикасын тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттыруды, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттер жүзеге асады.

Осы орайда, біздер Қордай ауданының ардагерлері осы сайлаудың әділ өтетініне үлкен сеніммен қараймыз.

Б.Әлімбет, Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.