Жаңа Азаматтық кодекс қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сай болуы тиіс.

0

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі бастаманың құқықтық мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызы зор. Бұл бастаманы қолдаймын, өйткені азаматтық заңнама қалыптасқан қатынастарды реттеп қана қоймай, қоғамдық және экономикалық өмірдегі өзгерістерді де ескеруге тиіс.

Соңғы онжылдықтарда адамдар арасындағы өзара іс-қимыл нысандары, мүлікке билік ету, шаруашылық қызметті жүргізу және мәмілелер жасау тәсілдері айтарлықтай өзгерді. Бұл ретте азаматтардың әр жолы күрделі заңгерлік түсіндірме сұрап жүгінбей-ақ, өз құқықтары мен міндеттерін бағдарлай алу мүмкіндігі болуы тиіс.

Мысалы, мұраны ресімдеу, жалдау шартын жасасу немесе мүлікті пайдалануға беру кезінде адам өзі қабылдаған шешімнің қандай құқықтық салдарға әкеп соғатынын және заңда қандай кепілдіктер көзделгенін түсінуі маңызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.