«ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» ТИІМДІЛІГІ

0

Білім беру мазмұнының жаңару жағдайында мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру арқылы жоғарғы сапа мен бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізе отырып, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері біліктілікті арттыру саласындағы басым бағыт болып отыр. Осыған орай елімізде пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Мемлекеттік тапсырыс аясында “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты тренерлерінің сүйемелдеуімен біздің білім беру ұйымдары мұғалімдерінің пәнаралық және әдістемелік құзыреттерін жетілдіруді мақсат еткен «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы өткізілді. Мектеп бағдарламасына енген бұл курсты жүргізудің тың әдіс-тәсілдерін меңгеру – заман талабы. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының тренері Аманкүл Есмырзаева аудан мектептерінің педагогтері зерттеу дағдыларын дамытып, белсенді оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіріп, мәселелерді талдау және бағалау бойынша сабақ өткізді. Сабақ барысында ұстаздар рөлдік ойын, топтық жұмыс жасап, сызбаларды, карталарды құру, постер құру, жобалық жұмыс, конкурстар, жарнамалар құрастыру, мәселелік тығырықтан шығу, зерттеу жүргізе білу жөнінде білімдерін жетілдірді.

Біліктілікті арттыру курсы 80 академиялық сағат ұзақтығымен күндізгі және онлайн оқыту түрінде ұйымдастырылды. Интерактивті лекция, семинар, вебинар, практикалық жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды талдау және орындау, оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасалып, презентация форматындағы курста тыңдаушылардың өзіндік жұмысына көбірек уақыт беріліп, көңіл бөлінді.

Шығармашылық еркіндікте өз ойларын білдіріп, жобалар қорғалды. Практикалық дәріс кезінде ұлт туралы ойтолғаулар жасалып, олар туралы тың деректермен бөлістік.

Курс аясында “Жаһандық құзыреттіліктер” факультативтік курсының үлгілік оқу бағдарламасының базалық мазмұнымен танысып, шығармашылық бастамалар, волонтерлік қозғалысы, стартаптар, жобалар, акциялар бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды әзірледік.

Білім берудің әділдігін, тиімділігін және сапаны қамтамасыз етудегі жаһандық құзыреттіліктің рөлін түсіндіру, функционалды сауаттылықтың құрамдас бөлігі ретіндегі жаһандық құзыреттілік түсінігін қарастыру сабақты сәтті әрі нәтижелі өтті.

Гүлзат Танабаева, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.