ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТПАЙЫҚ

0

«Бұқаралық ақпарат құралдары және су тасқынының басы-қасында жүрген белсенді азаматтар және блогерлер жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінде айтылды.

«Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын»,— деді Президент. Осы ретте ресми ақпарат көзіне сену аса маңызды.

Бұған дейін су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Қазір су тасқынымен күресу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.

Президент үндеуінде айтылғандай су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр.

Мемлекет басшысы құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысын білдірді. Қолдан келгенше қолдау танытайық, ағайын!

Жайық Манасбаев, аудандық мәслихат депутаты

Leave A Reply

Your email address will not be published.