ЖҰМЫСТЫ ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТ

0

Дүйсенбі күні аудан әкімі Бегзат Болатбеков бөлім және мекеме басшыларының қатысуымен жиын өткізді. Күн тәртібіндегі мәселе – алға қойылған міндеттердің орындалуы. Бұл бойынша  аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің  басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

Жиын барысында  ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, жер қатынастары және құрылыс саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Әр саладағы түйткілді тұстарға қатысты аудан әкімі жауапты тұлғаларға тапсырмалар беріп, оларды шешу мерзімдерін белгіледі.

Сонымен қатар Бегзат Сейсенқұлұлы әрбір мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі туралы ескертті.

Аудан басшысы назар аударған тағы бір мәселе – құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысы. Бірінші кезекте жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау туралы сөз болды. Сондай-ақ, Бегзат Болатбеков құрылыс жұмыстары ұзаққа созылған нысандардың құрылысын бақылауда ұстауды тапсырып, барлығы ұстануға міндетті заң бар екенін еске салды.

Сонымен қатар, ауданды санитарлық тазалау және абаттандыру тақырыбы көтерілді. Осыған байланысты аудан әкімі осы бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізуді тапсырды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі жауапты тұлғалардың бәріне барлық бағыттар бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін еске салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.