ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ҚОРДАЙ АУДАНЫ, АУҚАТТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫНА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНАН ҮМІТКЕР АЛМАС БІЛІМҰЛЫ ИЕНБЕРГЕННІҢ 2023-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Өмірбаян

Мен, Иенберген Алмас Білімұлы, 1994 жылы  21 қаңтарда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қызылсай ауылында дүниеге келдім.

2009-2012 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша және 2018 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университетін «Құқықтану» маман-дығы бойынша аяқтадым.

Еңбек жолымды 2012 жылы «Жастар тәжірибесі» бойынша Қордай аудандық салық басқармасында бастадым. 2012-2020 жылдары Қордай ауданы әкімінің аппаратында инспектор, бас маман, аудан әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқардым. 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық жұмысы бөлімшесінің басшысы лауазымын атқарудамын.

 

Сайлауалды бағдарлама

Ауқатты ауылдық округі Қызылсай ауылында туып өскен соң өңірдің өзекті мәселелері  маған таныс. Атап айтатын болсам, саябақтарды абаттандыру, көше жарығын жүргізу, Қызылсай ауылындағы О.Жандосов атындағы №10 орта мектепті күрделі жөндеу, Бәйтерек ауылына шағын футбол алаңшасын салу, Ауқатты ауылындағы жаңа тұрғын алқабына инженерлік инфрақұрылым жүргізу, Қызылсай, Бәйтерек ауылдарының ауыз су мәселесі шешуді қажет етеді.

Мен осы мәселелерді қалай шешуді және біздің ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен белгілі бір деңгейдегі тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.

Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

 

2024 жылы Ауқатты ауылындағы жарықтандырылмаған көшелерге көше жарығын жүргізу және округ бойынша істен шыққан шамдарды ауыстыруға;

2024 жылы Бәйтерек ауылына кіші футбол алаңшасын орнатуға;

2024 жылы Бәйтерек ауылында ұялы байланыс және интернет мәселесін шешуге;

2024 жылы саябақтарды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге;

2024-2025 жылдары Қызылсай, Бәйтерек ауылдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге;

2024-2025 жылдары Ауқатты ауылындағы жаңа тұрғын алқапқа инженерлік инфрақұрылым жүргізуге;

2024-2025 жылдары тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтуға;

2025 жылдары Қызылсай ауылындағы О.Жандосов атындағы №10 орта мектепті күрделі жөндеуге;

2025 жылы Қызылсай ауылына су қоймасының құрылысын бастауға;

Ауыл жастарына қолдау көрсету, жаңа идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруға ықпал ететін боламын.

Игерілмей жатқан бос жерлерді қайтаруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасының іске асырылуына бар күш-жігерімді саламын!

Мен мұны тек сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай аламын!

Сіздердің қолдауларыңыз маңызды!

Мен әрқашан байланыстамын!

Тел.: / WhatsApp: 8 778 372 00 01

Email: almas.ienbergen@mail.ru

Қымбатты ауыл тұрғындары!

Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сіз бен бізге байланысты.

Сондықтан, сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын.

Сіздің даусыңыз өз жақында-рыңыз бен ауылдастарыңыздың бақытты және бақуатты өміріне қосқан үлесіңіз!

Берекелі ауыл – табысты мемлекет!

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.