Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«AMANAT» партиясы – бұл парасатты мағынадағы орталықшыл партия, әділдік партиясы, халық бірлігі партиясы, алға қарай нық қадам басу партиясы, халықтың пікірін, ұмтылысын тыңдайтын және азаматтарымыздың мүддесі үшін әрекет ететін партия.
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев
Өмірбаян
Мен, Әбілдаев Берік Еркінұлы Қордай ауданы, Қаракемер ауылында туып, өстім. 2007 жылы Қазақ Экономика және Консалтинг Университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2008 жылы Алматы облысы Қарасай ауданындағы ЖШС «AS Group Co LTD» менеджер ретінде бастадым. 2009 жылдың мамыр айынан желтоқсан айы аралығында Жамбыл облысы Қордай аудандық қазынашылық басқармасында «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасынан өттім. 2010 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың тамыз айы аралығында Қордай аудандық қазынашылық басқармасының қаржылық, шарттар тіркеу, операциялық топтарының бас маманы, 2015 жылдың тамызынан 2017 жылдың желтоқсан айы аралығында Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепші кассирі, 2018 жылдың қаңтары мен 2019 жылдың наурыз аралығында Қордай ауданы Масаншы ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтері, 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың маусым айы аралығында Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқардым. 2020 жылдың маусымынан бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы Алға ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін. Өзекті мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.
Мен мұны тек Сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай аламын!
Сайлауалды бағдарлама
Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
— Алға ауылынан өтетін Батыс Еуропа-Батыс Қытай республикалық маңызы бар жолға бейнебақылау орнатуға;
— Алға ауылына таза ауыз су жүйесін жүргізуге;
— Алға, Көкадыр, Мұзбел ауылдарының ауылішілік көшелерінежөндеу жұмыстарын жүргізуге;
— Көкадыр ауылына интернет, ұялы байланыс операторларынорнатуға;
— Мұзбел ауылын табиғи газбен газдандыру жүйесін шешуге;
— Алға, Көкадыр, Мұзбелауылдарын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге;
— Көкадыр ауылына балалар ойын алаңшасын салуға;
— Алға ауылына күрес залы құрылысын салуға;
— Алға ауылының медициналық пунктін фельдшерлік акушерлік пунктке ауыстыруға;
— Жеке қаражат есебінен инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға;
— Игерілмей жатқан бос жерлерді қайтаруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасының іске асырылуына бар күш-жігерімді саламын.