Білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А. Кожабергенова білім бөлімінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша басқосу өткізді.
Басқосу барысында Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді.
Анара Талғатқызы өз сөзінде:
Жаңа Конституция жобасы елдегі демократиялық өзгерістерді нығайтуға бағытталғанын, онда адам құқықтары мен бостандықтары басты құндылық ретінде айқындалғанын, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен жауапкершілікті күшейту көзделіп, халықтың мемлекет басқаруына қатысу мүмкіндігі кеңейтілетінін, сонымен қатар, заң үстемдігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып, сот жүйесінің тәуелсіздігі нығайтылатынын, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің рөлі артып, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға жол ашылатынына тоқталды.
Басқосу ашық форматта ұйымдастырылып, білім бөлімінің қызметкерлері өздерінің ойларын ортаға салып, пікір алмасты.