нысандардың сапасын бақылау және заңсыз құрылыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылдың 10 айында Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 212 жоспардан тыс тексеру өткізіп, заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған шаралар қабылдады.
Есепті кезеңде облыс аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы 709 хабарлама тіркелді. Оның 300-і мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын жобалар болса, 409 нысан жеке қаражат пен инвестиция есебінен салынуда. Бұл өңірдегі құрылыс жұмыстарының қарқынын және инвестициялық белсенділікті көрсетеді.
Құрылыс сапасына бақылау күшейтілді
Басқарма жүргізген 212 жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде 140 нұсқама беріліп, 600 әкімшілік іс қозғалды. Заң талаптарын бұзған тапсырыс берушілер, мердігерлер, жобалаушылар, сараптама ұйымдары және техникалық әрі авторлық қадағалау мамандары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқық бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 182 млн 211 мың