Жамбыл облысында 2019-2025 жылдар аралығында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 189 ауылда жалпы құны 81,9 миллиард теңгені құрайтын 1 073 жоба жүзеге асырылды.

0

Жамбыл облысында 2019-2025 жылдар аралығында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 189 ауылда жалпы құны 81,9 миллиард теңгені құрайтын 1 073 жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева мәлімдеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, елді мекендерді тұрақты дамыту. Соңғы алты жылда өңірдегі елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым айтарлықтай жақсарды. Атап айтқанда, 71 білім беру, 35 денсаулық сақтау, 54 мәдениет, 51 спорт және 85 коммуналдықшаруашылық ныс аны пайда лануға берілді. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 892 шақырымды құрайтын 776 ауылішілік көше орташа жөндеуден өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.