Жамбыл облысында Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералының қатысуымен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында іске асырылған «Arrivo Industry» ЖШС-ның жаңа өндірістік кәсіпорнының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.
Жаңа кәсіпорын еліміздің құрылыс саласына арналған заманауи сэндвич-панельдер шығарады. Бұл жоба импортты алмастыруға және отандық өндірісті дамытуға ықпал етеді. Кәсіпорында 30 жаңа жұмыс орны ашылды.