ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БЫЛТЫР 11 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ ТАРТЫЛДЫ

0

Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы 285 ауылдың тұрғындары табиғи газбен қамтылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау, облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес өңірдегі елді мекендерді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

2023 жылы облыстағы 11 ауылға (9 мыңнан аса тұрғын) «көгілдір отын» тартылып, аймақты газбен қамту көрсеткіші 91,1 пайызға жетті.

Жалпы, өңірімізде былтыр 9,5 млрд теңгеге 36 елді мекенде газдандыру құрылысы қолға алынған. Оның 25 ағымдағы жылға өтпелі болған.

Биыл осы 25 ауылдың 11-не (17 мың тұрғыннан аса) құбыр тарту жұмыстары аяқталып, газбен жабдықтау көрсеткішін 92%-ға дейін арттыру көзделуде.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.