Жамбыл облысында табиғи монополия субъектілерінің тарифтік саясаты мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуына бақылау жалғасуда. Негізгі мақсат – коммуналдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етіп, тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 39 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді. Олар сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру, табиғи газды тасымалдау, жылумен жабдықтау, электр энергиясын беру және басқа да 59 қызмет түрін көрсетеді. 2026 жылдың басынан бері департаментке табиғи монополия субъектілерінен тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды бекітуге қатысты 86 өтінім түскен. Сонымен қатар қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағалардың шекті деңгейден жоғары көтерілуіне қатысты 5 хабарлама келіп түскен.

0

Жамбыл облысында табиғи монополия субъектілерінің тарифтік саясаты мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуына бақылау жалғасуда. Негізгі мақсат – коммуналдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етіп, тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу.

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 39 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді. Олар сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру, табиғи газды тасымалдау, жылумен жабдықтау, электр энергиясын беру және басқа да 59 қызмет түрін көрсетеді.

 

2026 жылдың басынан бері департаментке табиғи монополия субъектілерінен тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды бекітуге қатысты 86 өтінім түскен. Сонымен қатар қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағалардың шекті деңгейден жоғары көтерілуіне қатысты 5 хабарлама келіп түскен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.