Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Barys Dynamics» холдингі басшысы Айбек Барыс өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Barys Dynamics» холдингі басшысы Айбек Барыс өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде сұранысқа ие өнімдер шығаратын жоғары технологиялық өндірістік кешен салуды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады.

Жоба төрт кезеңде жүзеге асырылады. Нәтижесінде шамамен 1100 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Бұл халықты жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізіп, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.