Жамбылда АSPARA FASHION DAY 2026 халықаралық сән фестивалі өтті

0

2026 жылғы 21 қарашада Тараз қаласындағы «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде «Мұра коды» тақырыбымен ASPARA FASHION DAY 2026 халықаралық сән фестивалі өтті. Мәдени іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Фестивальдің басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасын заманауи сән индустриясымен ұштастыру, отандық дизайнерлердің шығармашылығын қолдау, қолөнер дәстүрлерін дәріптеу және Жамбыл облысының мәдени-туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту.

ASPARA FASHION DAY – дизайнер, «ASPARA» сән үйінің негізін қалаушы Айдархан Қалиевтің бастамасымен дамып келе жатқан халықаралық сән жобасы. Жыл сайын ұйымдастырылатын фестиваль ұлттық нақыштағы сән үлгілерін насихаттап, отандық және шетелдік дизайнерлердің шығармашылық байланысын нығайтуға мүмкіндік беріп келеді.

Фестиваль аясында қолөнершілер көрмесі, концерттік бағдарлама, халықаралық форум және сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

«Көне Тараз» кешенінде өткен қолөнершілер көрмесіне 33 шебер қатысып, ұлттық қолөнер бұйымдарын, дәстүрлі әшекейлерді, кәдесыйлар мен авторлық туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Көрме келушілерге өңірдің бай мәдени мұрасымен және жергілікті шеберлердің шығармашылығымен танысуға мүмкіндік берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.