ЖАППАЙ СЕНБІЛІК

0

Қордай ауылында санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу мақсатында дәстүрлі жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шара жергілікті қоғамдастықтың экологиялық мәдениетін арттырып, ауыл аумағының тазалығын сақтау бағытында маңызды бастама болды.

Іс-шара барысында ауыл көшелеріндегі қоқыстар мен құрылыс қалдықтары жиналды, арықтар мен ағынды сулардың арналары тазартылды. Жол жиегіндегі және қоғамдық орындардағы ағаштар әктеліп, тал-теректердің түбі қопсытылып, ретке келтірілді. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі саябақтар мен демалыс орындарында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, гүлзарлар реттелді.

Сенбіліктің қорытындысы бойынша бірқатар көше мен қоғамдық орындар тазартылып, абаттандырылды. Іс-шара ауыл тұрғындарының ұйымшылдығы мен ортақ іске деген жауапкершілігін көрсетіп, келешекте де мұндай игі бастамаларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін дәлелдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.