ЖАРЫС АЛАҢЫНДА – ДЕПУТАТТАР

0

Жақында Қордай ауылындағы спорт кешенінде Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 30 жыл толуына орай Жамбыл облыстық спартакиадасы өткізілді. Ондағы басты ерекшелік спорт алаңында аймақтағы мәслихат депутаттары мен ондағы аппарат қызметкерлері жарыс көрігін қыздырды. Жарысқа жиналған Жамбыл облысы бойынша әр аудандағы мәслихаттың аппараты қызметкерлері мен депутаттарын төл мерекемен облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, Қордай аудандық мәслихаты төрағасы Нұрдин Садықов құттықтап, ізгі тілектерін арнап, спорт сайысына сәттілік тіледі. Айта кету керек, спартакиада бірнеше спорт түрінен өткізіліп, қатысушылар өздерінің шеберліктері мен бірлігін көрсете білді. Аталған іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Қордай ауданы-ның мәслихат депутаттары, облыстық мәслихаттың Қордай ауданынан сай-ланған депутаттары мен аудандық мәс-лихат аппараты үлкен үлес қосқанын ерекше атап өткен жөн. Қатысушылар-дың спорттық рухы, өзара сыйластығы мен ынтымақтастығы шараны ерекше әсерлі етті деуге толық негіз бар. Бұл спорттық іс-шара мәслихаттардың тарихындағы елеулі кезеңді атап өтуге және қатысушылар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік берді. Қордай ауданының бас-тамасы өзге өңірлерге үлгі болатынына сенім мол!

Leave A Reply

Your email address will not be published.