ЖАРЫС АЛАҢЫНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАР

0

Әлжан ана ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Кедергісіз келешек және спорт денсаулық кепілі» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында (ересектер және жасөспірімдер) спорттық ойындардан жарыс өтті.

Бұл жарысқа  Сарыбұлақ, Қақпатас, Бетқайнар, Жамбыл және Әлжан ана ауылының азаматтары қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатынд алғашқы құттықтау сөзін алған Қасық ауылдық округінің әкімі Асылбек Айдын қатысушыларға сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ерекше жандарды белсенді тірлікке тартып, өздерін болашағымыздың толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасау – біздің басты міндетіміз екендігін  атап өтті. Сонымен қатар, ауылдың ардагерлер кеңесінің мүшесі Ермаханбет Иманғалиев атамыз қатысушыларға ақ батасын берді.

Бұл күнгі сайыста ересектер арасында дартс және қалашық ойыны ойнатылса, жасөспірімдер  дойбыдан кім мықтыны анықтады. «Қалашық» ойынының нәтижесі бойынша 1-орынды  Бетқайнар ауылынан Ермек Айдын,  2-орынды  Жамбыл ауылынан Бижанов Қанат, 3-орынды Жарылқапберген Нұржан иеленді. «Дартс» ойыны бойынша 1-орынды Әлжан ана ауылынан Ахан Дарын, 2-орынды Бетқайнар ауылынан Ермек Айдын,  3-орынды Қақпатас ауылынан Жарылқапберген Нұржан жеңіп алды. Жасөспірімдер арасында өткен дойбыдан  1-орынды  Әлжан ана ауылынан Аманғалиев Әділхан,  2-орынды  Сарыбұлақ ауылынан Нұрмағанбет Қуаныш,  3-орынды Қақпатас ауылы Ескербай Еділбай иеленді.

Жарысқа қатысушылар медаль, диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.